Fissure in Sandstone

Политехникалық колледжінде ұстаздармен және студенттер арасында колледжішілік «Шахмат челленджі» өткізілді.  

Fissure in Sandstone

Ағымдағы жылдың 17-20 жұлдызы аралығында Маңғыстау Туризм колледжінде «WorldSkiil Aktau 2023» өңірлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша 3Аспаз-20Рб тоының студенті Турганбаева Макпал қатысты. Чемпионат 5 модульден тұрды: Қатысқан колледж саны:6.

Жеребе тасталып, Жаңаөзен политехникалық колледжі 5 номерді иеленді. Чемпионатта: 

- Құс еті өнімдерінен;

- Ет өнімдері;

- Бакалея өнімдері;

- Авторлық соустар;

- Десерттер критерийлері бойынша жарысқа түсті. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті.  

Fissure in Sandstone

Оқу әдістемелік бөлімнің ұйымдастырумен колледж  оқытушыларына, жас мамандарға Оқу жұмыс бағдарламаларын жасақтау туралы әдістемелік күн өткізілді. 

Fissure in Sandstone

Тәрбие жұмысының жылдық жоспарының Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытына сәйкес 2әлеумет-21Б тобына "Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы" атты ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел,кездесу форматында өтті.Тәрбие сағатына колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алдабергенова Гулзира Оразалиевна және Жаңаөзен қалалық ІІБ қызметкерлері криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Абылханов Мэлс мырза мен кәмелетке толмағандар инспекторы Жакиев Досым Құралұлы қатысты.Дөңгелек үстелде келген қонақтар қазіргі таңдағы қала көлемінде жастар арасында болып жатқан қылмыстар туралы статистикаға мысал келтіре отырып мәліметтер айтты.Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қою арқылы, өздеріне толық қанды жауап алды. Мақсаты:Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау. Өткізген: Серикбаева Рахат Айдарбаевна. 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжі 08.09.2023 күні «Сергіту сәті» челленджін өткізді. Челлендж мақсаты: Студенттердің салауатты өмір салтын насихаттау.  

Fissure in Sandstone

Колледж студенттері “”Оқуға құштар колледж” жобасы аясында, қалалық, орталық кітапханалар ұйымдастырған түрлі шараларға қатысуда. Олар өздерінің Арнау, поэзиядан мәнерлеп өлеңдер оқып өздерінің шығармашылықтарыр ортаға салуда.

2 курс студенті Арысов Әбілхан Серікбайұлы Арнау өлеңдерін оқыса, 1 курс студенттері поэзиядан өлеңдер оқыды.

Барлық ат салысқан студенттер Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өз кезеңінде, іс шара студенттерін қатыстырып, ат салысқан Жаңаөзен политехникалық колледжінің оқытушысы Менсулу Базарбайқызына Алғыс хат табысталды! 

Fissure in Sandstone

7-мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай «5548» әскери бөлімінде қалалық колледж студенттері арасында өткізілген әскери эстафета сайысында Жаңаөзен политехникалық колледжі 1-орынмен марапатталды. 

Fissure in Sandstone

4 мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында курс студенттеріне өткізілген «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға 100 студент қамтылды. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны