Fissure in Sandstone

13.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Ұлағаттық тәлім ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер апталығы аясында ерекше ашық сабақ өтті. Балхаева Г.Н. жүргізген «Табиғи газ шығынын өлшеуіш түрлері» тақырыбындағы сабақта студенттер табиғи газ шығынын есептеудің түрлі әдістерімен танысты.

Мақсаты: Жас мамандарға газ өнеркәсібіндегі өлшеуіштердің маңызын түсінуге, олардың жұмыс істеу қағидаларын меңгеруге жол ашты. Кәсіби білімді шыңдауға арналған сапалы сабақ болды!

Ұйымдастырған: Балхаева Г.Н.  

https://www.instagram.com/p/DCV8plZMOZU/?igsh=bHliaXBhc21vaDRs 

Fissure in Sandstone

12.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде Жарылқағанова Б.Ж. тәлімгер апталығында өткізген коучингте сапалы сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды. Мақсаты заманауи білім беру әдістерін енгізу арқылы сабақтың сапасын арттыру және ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырды.

Тиімді әдіс — сапалы білімнің негізі! Әрбір

ұстазға шабыт беретін әрі оқу процесін жақсартуға бағытталған маңызды шара.  

https://www.instagram.com/reel/DCTly1ds9H-/?igsh=MTE4Y2VvODE1Z3dkOQ== 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжі «Astana Polytechnic жоғары колледжі» ШЖҚ МКК арасындағы 13.02.2024 жылғы ынтымақтастық меморандум аясында Өзге өңірлердің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы ІТ саласын дамыту бағытындағы жұмыстарымен танысу және педагогтерімен тәжрибе алмасу мақсатында 2024 жылы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде (онлайн форматта) «ІТ саласының трендтерін білім беру үрдісінде тиімді пайдалану» тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.

Семинарымыздың  қонағы Чехия елінен педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық білім беру технологиялары орталығының (ICET, Чехия) атқарушы директоры, SKLAD онлайн білім беру платформасының жетекшісі Сороковик Татьяна Ивановна ханым қатысты. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда облыстарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинарда баяндамашылар жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ VR/AR және роботтар сияқты инновациялық технологияларды қолдану, жасанды интеллект негізінде жасақталған платформалар мен чат-боттар көмегімен  колледж оқытушыларына оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдары  тақырыптарында өте құнды баяндамалар жасады.  

Fissure in Sandstone

2024 жылдың мамыр айының 2 жұлдызында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Кәсіби бағдарламашы» байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың мақсаты: ІТ мамандығының білім алушыларының кәсіби дағдыларын жетілдіру, үздік жобаларды қолдау, талантты жастарды анықтау, цифррлық технологияларын және оқыту процесіндегі барлық қатысушылардың құзыреттілігін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқу процессін тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау. Аталған байқауға облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Студенттердің жұмысын бағалауға облыстың беделді IT мамандары бағалау жүргізді. Жалпы байқау өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттер білім басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталып, колледж басшысының атынан сыйлықтар табысталды.   

Fissure in Sandstone

06.02.2024 жылы Жаңаөзен политехникалық колледжінде  9-шы және 11-ші сынып оқушыларына арналып ашық есік күні өтті. Шараға     7, 8, 9,13 Дарын мектеп-лицей,  10, 11 жалпы білім беретін  мектептің оқушылары келді. Оларға 6 мамандық бойынша білім алатын жастар өз бағыттарын ерекше форматта таныстырды. Оған қоса колледж  спорт залымен  танысып, кішігірім  ұйымдастырылған  ойындарға  қатысып, көңілді серуен болды.  

Fissure in Sandstone

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері  үшін, колледж студенттері:  Тұрдықожа Бақтияр 

Тазабай Ерсұлтан 

Арысов Әбілхан 

Асанғали Сейтімбет

қала әкімі Айбек Қосуақовтың  Алғыс хатымен марапатталды.  

Fissure in Sandstone

«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сеннен есте қалған» атты тақырыпта 1 курс студенттерімен Ауған Демократиялық  Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылуына 35 жыл толуына орай ауған соғыс ардегерлерімен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: студенттерге ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру. Нұрым Шыршығұлұлының және Сүгірдің термелері шырқалды. Ауған ардагерлерімен сұхбат жүргізіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап алынды. Ауған ардагерлері студенттердің естелік ретінде дайындаған сыйлықтарымен марапатталды. Ұйымдастырған: Балхаева Г.Н., Алдабергенова Г.К., Өтеш Н.М.  

Fissure in Sandstone

“Әке-асқар тау,биік шың” тақырыбында әкелермен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Дөңгелек үстелде бала тәрбиесінде әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік берілді. Колледждің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Калимова Ж.Б. студенттерді тәртіпке баулуда, колледждің ішкі тәртіп ережесін орындауда, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауда әке тәрбиесінің үлесі зор екенін айтты. Жасөспірімдер арасында орын алып отырған құқық бұзушылық және оны болдырмау жолдары туралы ішкі істер басқармасынан участкілік инспектор қатысып, өз ойын ортаға салды. Күнбе-күнгі әрбір ұлағаты зор әрекеттеріміз арқылы, үлгі тұтар өнегесі мол келбетіміз арқылы иманды, ибалы ұл мен қыз асырау әрбір ата-ананың міндеті екенін, имани тәрбиенің маңыздылығы туралы “Рахат” ауылының мешітінің имамы Рысбек имам баяндап берді. Дөңгелек үстелді колледж психологы Света Андреевна тренингпен аяқтады. 

Жауаптылар: Топ жетекші Болысова Т.Б.

Колледж психологы Утепова С.А. 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен қалалық кітапханасында ұйымдастырылған «Кітап тайм-2023» фестиваліне колледж студенттерінің 2Ақпарат-22 тобы қатысты.  

Fissure in Sandstone

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында колледжде қызмет «Құқықбұзушылық және жасөспірім» тақырыбында кездесу өткізілді. ҚПБ ППРқызмет инспектор полицияның кіші және полиция лейтенанты Қадырбаев Қамбар Аманбайұлы және полиция лейтенанты Лакаев Құралбек Хидирбаевичтың қатысуымен стеденттердің құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны