Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспарының Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытына сәйкес 2әлеумет-21Б тобына "Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы" атты ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел,кездесу форматында өтті.Тәрбие сағатына колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алдабергенова Гулзира Оразалиевна және Жаңаөзен қалалық ІІБ қызметкерлері криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Абылханов Мэлс мырза мен кәмелетке толмағандар инспекторы Жакиев Досым Құралұлы қатысты.Дөңгелек үстелде келген қонақтар қазіргі таңдағы қала көлемінде жастар арасында болып жатқан қылмыстар туралы статистикаға мысал келтіре отырып мәліметтер айтты.Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қою арқылы, өздеріне толық қанды жауап алды. Мақсаты:Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау. Өткізген: Серикбаева Рахат Айдарбаевна.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер


