Fissure in Sandstone

29.11.2024 күні Дәнекеров Саламат Көмекұлы тарапынан «Мамандығымның сырлары» атты ерекше семинар өтті!

Семинар барысында қатысушылар өз мамандықтарының терең қыр-сырын түсініп, кәсіби өсуге жаңа көзқарас қалыптастырды.

Жас маман Дәнекеров Саламат Көмекұлы тәжірибесімен бөлісіп, мамандыққа деген сүйіспеншіліктің, еңбекқорлық пен шеберліктің маңызын айшықтады.

Әрбір мамандық – өнер. Ал оны сүйе білген адам нағыз шебер! Семинар қатысушыларға үлкен шабыт сыйлады.

Ұйымдастырған: Дәнекеров С.К.

https://www.instagram.com/reel/DC8loaEsOK0/?igsh=bGFnOWtwb3BqZW52   

Fissure in Sandstone

20.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде ұстаздардың кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында «Электронды портфолио: білім және кәсіби құралдары мен мүмкіндіктері» атты байқау ұйымдастырылды!

Байқау аясында оқытушылар өздерінің электронды портфолиоларын ұсынды, бұл тек кәсіби жетістіктерді көрсету ғана емес, сонымен қатар, заманауи цифрлық құралдарды қолданудағы шеберлікті дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Негізгі бағыттар:

Портфолионы креативті безендіру;

Оқыту материалдарының цифрлық форматта ұсынылуы;

Заманауи технологияларды пайдалану деңгейі.

Бұл байқау ұстаздардың ІТ-дағдыларын арттырып, білім беру үдерісінде жаңа әдістерді қолдануға ынталандырды. Жеңімпаздар ерекше идеялары мен кәсібилігі үшін марапатталды.  

https://www.instagram.com/reel/DCmtff2M1tI/?igsh=bzNtYW80OGlzOGto 

Fissure in Sandstone

19.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Сабақ тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер мен оқу тәсілдері» атты апталығы аясында өткен «Қосиінді бұлғақты механизм» тақырыбындағы панорамалық сабақ ерекше қызығушылықпен өтті! Бұл тақырып техника мен инженерияның негізгі элементтерінің бірі.

Студенттеріміз білімдерін тереңдетіп, механизмнің жұмыс принциптерін тәжірибеде көрді. Заманауи білім беру әдістері мен практикалық жұмыстар сабақтың әсерлі әрі мазмұнды болуына ықпал етті.

Кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған тағы бір қадам!

Ұйымдастырушысы: Бертлеуова Ш.Т.  

https://www.instagram.com/reel/DCmE0jYIi2M/?igsh=MW1xcDV1OTFuM3poNQ== 

Fissure in Sandstone

15.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Ұлағатты тәлім ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер апталығында Болысова Тұмар Болысқызының ұйымдастыруымен «Электр заряды және Кулон заңы» тақырыбында ерекше сабақ өтті. + Студенттер электр құпиясына бойлап, зарядтардың оң және теріс әлемін зерттеді, үйкеліс пен тартылыс заңдарын терең түсінді. Әрбір тәжірибе – ғылымның ғажайыбына бір қадам жақындатып, физиканың сырлы заңдылықтарын ашуға ынталандырды. Бұл сабақ білімге деген шынайы қызығушылық пен ұмтылысты оятты!

Ұйымдастырушы: Болысова Тұмар Болысқызы  

https://www.instagram.com/reel/DCZUc0Os9In/?igsh=aGJvYWtiZWRlcjd4 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжінде тәлімгер апталығы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Тоғызқұмалақ” ойыны бойынша ашық сабақ өтті. Студенттер қазақтың дәстүрлі ойын өнерінің қыр-сырын меңгеріп, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Шара барысында қатысушылар зейін мен табандылық танытып, шеберліктерін көрсетті.

Ұйымдастырушы: Адильбаев М.К. 

https://www.instagram.com/reel/DCY_eDsskMb/?igsh=Z24wcTR0a2h3eXNl 

Fissure in Sandstone

15.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Ұлағатты тәлім ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер апталығында Утепова Светлана Андреевна ұйымдастыруымен өткен «Жас мамандарды жаңа ортаға бейімдеу» тренингі ерекше әсер қалдырды. Жас мамандар өздерін еркін сезініп, жаңа ортаға сенімді қадам жасауға мүмкіндік алды. Тренинг барысында олар кәсіби өсуге шабыт беретін құнды тәжірибелер мен қолдау алды. Әрбір қатысушының көзіне сенім оты ұялап, болашаққа деген талпыныстары артты. Бұл – жаңа белестерді бағындыруға алғашқы қадам!

Ұйымдастырушы: Утепова Светлана Андреевна  

https://www.instagram.com/reel/DCZUtiPMgc5/?igsh=a3g3dWNjZnQza2x3 

Fissure in Sandstone

14.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде тәлімгер апталығы аясында “Қозғалтқыш майларын қолдану" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ

барысында студенттер қозғалтқыш майларының түрлері, олардың қасиеттері мен дұрыс қолдану әдістері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Практикалық тапсырмалар арқылы білімдерін шыңдаған қатысушылар техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығын тереңірек түсінді.

Ұйымдастырушы: Бертлеуова Ш.Т.  

https://www.instagram.com/reel/DCYvcuQMwSS/?igsh=OXc5eGhzOWZvc3Fu 

Fissure in Sandstone

14.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде Бекмембетова К.У. тәлімгер апталығында өткізген ашық сабақта 1-курс студенттерімен «HTML web сайтын әзірлеу әдістері» тақырыбын қарастырды. Студенттер сабақ барысында HTML құрылымы, тэгтер, стильдер және визуалды веб-редакторларды қолдану сияқты негізгі элементтермен танысып, олардың веб-сайт жасауға тигізетін әсерін зерттеді. Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында әртүрлі интерактивті және ойын әдістері қолданылды. Сабақ білімдерін тәжірибе арқылы бекітуге бағытталып, HTML негіздерін қызықты әрі түсінікті түрде меңгеруге ықпал етті.". Мақсаты web- парақшаларды жасауда HTML-тегтерін қолдану, сонымен қатар Жас мамандардың сабақ өткізу әдістерін үйренуіне мүмкіндік беру.  

https://www.instagram.com/reel/DCWIlihs0EK/?igsh=a3pyOWRyeDYybHF0 

Fissure in Sandstone

13.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Ұлағаттық тәлім ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер апталығы аясында ерекше ашық сабақ өтті. Балхаева Г.Н. жүргізген «Табиғи газ шығынын өлшеуіш түрлері» тақырыбындағы сабақта студенттер табиғи газ шығынын есептеудің түрлі әдістерімен танысты.

Мақсаты: Жас мамандарға газ өнеркәсібіндегі өлшеуіштердің маңызын түсінуге, олардың жұмыс істеу қағидаларын меңгеруге жол ашты. Кәсіби білімді шыңдауға арналған сапалы сабақ болды!

Ұйымдастырған: Балхаева Г.Н.  

https://www.instagram.com/p/DCV8plZMOZU/?igsh=bHliaXBhc21vaDRs 

Fissure in Sandstone

12.11.2024 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде Жарылқағанова Б.Ж. тәлімгер апталығында өткізген коучингте сапалы сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды. Мақсаты заманауи білім беру әдістерін енгізу арқылы сабақтың сапасын арттыру және ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырды.

Тиімді әдіс — сапалы білімнің негізі! Әрбір

ұстазға шабыт беретін әрі оқу процесін жақсартуға бағытталған маңызды шара.  

https://www.instagram.com/reel/DCTly1ds9H-/?igsh=MTE4Y2VvODE1Z3dkOQ== 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны