Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Жылдың үздік маманы» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Бұл байқау жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және өздерін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берді. Әділ қазылар алқасы үздік деп танылған жас мамандарды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде:
– Исмаилова Асель Бақытқызы

І дәрежелі жүлде:
– Мұратов Арман Асқарұлы

ІІ дәрежелі жүлде:
– Көмекбаева Қазына Хожагелдіқызы
– Алиев Руслан Абайұлы

ІІІ дәрежелі жүлде:
– Алданов Бауыржан Жеңісұлы
– Төлегенова Лаура Абылайқызы
– Несіпбаева Жанар Абайқызы

Байқау өз ісіне берілген жас мамандардың кәсіби өсуіне серпін беріп, олардың болашағына жол ашты. 

https://www.instagram.com/p/DKZuOXSy4sO/?igsh=MWtlbW1haTNtcW5pbw== 

Fissure in Sandstone

Облыстық «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас» семинар-практикумы аясында ерекше шеберлік сабағы өтті!
Исмаилова Асель Бакытовна, Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы «Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, сәндік бұйымдарды жобалау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Сабақ барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен сәндік элементтерін негізге ала отырып, сотуар бұйымын (әшекейлі мойынға тағатын сәндік әшекей) жасап үйренді.
Ұлттық нақыш пен заманауи сән үйлесім тапқан бұл іс-шара қатысушыларға үлкен шабыт, тың идеялар мен тәжірибе сыйлады! 

https://www.instagram.com/reel/DKKUHG2SGDv/?igsh=ZG9mY25xcm1mZ2F0 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжінде
*2025 жылғы 19 мамыр*
*Облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум*
*Тақырып:* *«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас»*
*«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында*

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Жаңаөзен политехникалық колледжінің бірлесуімен өткен семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

*Мақсаты:*
Ұлттық салт-дәстүрлерді заманауи білім беру кеңістігіне енгізу, тәрбие үдерісінде тиімді қолдану, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.

*Ерекшелігі:*
Облыстағы колледждердің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, білім берудегі сабақтастықты арттырды.

*Шеберлік сабақтар және тәжірибе алмасу:*
Қазақтың салт-дәстүрін әлемдік деңгейде дәріптеуге бағытталған заманауи әдістермен тәжірибе бөлісу мақсатында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік, Қарақия кәсіптік, «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық, Ақтау технологиялық колледждерінің педагогтері, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы №21 ЖОББ мектебі, Құрық ауылы «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы», №19 мектеп-гимназиясының ұстаздары өз шеберліктерін көрсетті.

*Ұлттық киімдер көрсетілімі:*
Колледж педагогтері дайындаған ұлттық киімдер топтамасы көрермен назарына ұсынылып, үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шараға Жаңаөзен политехникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері – қаланың белді тігін шеберханалары, Рахат ауданының әкімі және Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы қатысты.  

https://www.instagram.com/reel/DJ4730OMgev/?igsh=dGxyYmUybG5iM3Yx 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжінің ТжКБ педагогтері арасындағы облыстық кәсіби шеберлік конкурсында абыройын қорғаған педагогтеріміздің нәтижесі:

???? Мұратов Арман Асқарұлы – Веб-әзірлеу бағыты бойынша I орын
???? Алданов Бауыржан Жеңісұлы – Киберқауіпсіздік бағыты бойынша IIІ орын
????Исмаилова Асель Бақытқызы – Сән технологиясы бағыты бойынша «Үздік маман»

???? Жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – олардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да табысты жобалар мен жаңа белестер тілейміз!
I орын иегерлері алдағы уақытта республикалық кезеңде облысымыздың абыройын қорғайтын болады. 

https://www.instagram.com/p/DJ6QuXfRLvj/?img_index=2&igsh=cHBicHp6bXN1amNi 

Fissure in Sandstone

24 сәуір 2025 жылы онлайн форматта  Маңғыстау облысы білім басқармасының «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, Жаңаөзен политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Жұмысшы кәсібі – ел дамуының тірегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізіліп, мақсаты – студенттерге жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау, олардың ел экономикасы мен дамуына қосатын үлесін ғылыми тұрғыдан зерделеу және еңбекке деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференция барысында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Утебаев Талғат Төремұратұлы құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтарынан қатысушылар тартылып, жалпы 134 адам қамтылды. Қорытындысында үздік жұмыстар жүлделі орындармен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DI1cvk1ScWv/?igsh=MXJ3Mzc5cDhra3NsZw== 

Fissure in Sandstone

WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында Сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3Тігін-22Б студенті Тойлы Аружан Мақсатқызы жеңімпаз атанды! 

Оның шеберлігі мен шығармашылығы бұл биікке жеткізді.  Аружанның жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, оның қажырлы еңбегінің нәтижесі! 

Сонымен қатар, жетекшісі Исмаилова Асель Бақытқызына зор алғысымызды білдіреміз! 

Жеңіс құтты болсын! 

https://www.instagram.com/p/DICE9iLhlg9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Fissure in Sandstone

DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Бейне өндірісі құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3ТОРА-22Б студенті Тұрдықожа Бақтияр жеңімпаз атанды!  Оның еңбекқорлығы мен шығармашылығы жаңа белестерге жетеледі.  Бақтиярдың бұл жеңісі – біздің үлкен мақтанышымыз!  Жеңіс құтты болсын! 

DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысы мәресіне жетті! Алтын медальді Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3ТОРА-22Б студенті Тұрдықожа Бақтияр иеленді!  Бұл үлкен жетістік, әрі біздің колледж үшін үлкен мақтаныш! Бақтиярдың еңбекқорлығы мен таланты жеңіске жетеледі! Жетекшісі Алдабергенова Гүлзира Оразалықызы. Жеңісің құтты болсын! 

https://www.instagram.com/p/DICD5jGhFlN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Fissure in Sandstone

DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Сандық модельдеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің 3Тігін-22Б студенті Қуанбай Мәриям Меңдібайқызы алтын медальмен жеңімпаз атанды! 
Оның шеберлігі мен шығармашылығы бұл биікке жеткізді. Мәриямның жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, оның қажырлы еңбегінің нәтижесі! 
Жетекшісі Көмекбаева Қазына Хожагелдіқызына да зор алғысымызды білдіреміз! 
Жеңіс құтты болсын!

https://www.instagram.com/p/DICFyCNBEcQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Fissure in Sandstone

WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында Электромонтаж құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Серсенбай Бақтияр Құралұлы жеңімпаз атанды!  Оның еңбекқорлығы мен шеберлігі ең жоғары деңгейде бағаланып, жеңіс тұғырынан көрінді. 
Бұл жетістіктің артында жетекшісі Таджибаева Гүлдана Құралқызының біліктілігі мен ықпалы да бар. 
Бақтиярдың жеңісі – біздің колледж үшін үлкен қуаныш, өрлеу мен жетістік жолындағы тағы бір жеңіске толы қадам!

https://www.instagram.com/p/DICGYcghd6g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

Fissure in Sandstone

DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Мобильдік қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Нұрқасын Бекарыс Берикбайұлы күміс медальді иеленді!  Оның терең білім мен шығармашылық ізденісі сайыс барысында жоғары бағаланды.
Жетекшісі Алданов Бауыржан Жеңісұлының еңбегі мен қолдауы Бекарысты бұл жеңіске жетеледі. 
Бұл жеңіс – біздің колледждің үлкен мақтанышы, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол ашатын кезең! Жеңіс құтты болсын! 

https://www.instagram.com/p/DICHZLJSwus/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны