Fissure in Sandstone

Бүгін Жаңаөзен политехникалық колледжінде

«Білім алушылардың кәсіби-тұлғалық дағдыларын қалыптастыру құралдары»

тақырыбында тәлімгерлер апталығының ашылуы өтті.

Апталық аясында алғашқы семинар-практикум

«КӘСІБИ ДАМУ ЖӘНЕ

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ

АЛУЫ»

тақырыбында ұйымдастырылып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,

үздіксіз білім алу мәдениетін дамыту және студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру бағытында өтті.

Семинар барысында қатысушылар:

– кәсіби дамудың маңызын талқылады;

– жеке даму жоспарын құрды;

– цифрлық құралдар мен онлайн платформалармен танысты;

– заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды.

Іс-шара оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттырып,

өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен шабыт алуға мүмкіндік берді.

Мықты ұстаз – үнемі ізденісте жүретін ұстаз! 

https://www.instagram.com/p/DQCSrgoDKDA/?igsh=bzBvYXg4M29pMW96 

Fissure in Sandstone

Жаңаөзен политехникалық колледжінде студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында өрттің алдын алу жөнінде семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсат – қауіпсіздік ережелерін меңгеру арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жауапкершілікті арттыру.

Ұйымдастырушы: Адильбаев М.К. 

https://www.instagram.com/reel/DQCP05BCNYc/?igsh=MWdmd205NzQ1NXdnaQ== 

Fissure in Sandstone

  • 2025 жылдың 17 қазанында колледж студенттері оқу орталығына барып, кәсіптік бағдар алу мақсатында экскурсияға барды.
  • Шара барысында студенттер орталықтың қызметімен, оқу бағдарламаларымен және өндірістік полигонмен танысты.
  • Кездесуде мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Экскурсия жетекшілері: Алиев Р.А. және Дориев О.З. 

https://www.instagram.com/reel/DQB-1I8jQXO/?igsh=bzN3b2liYXJieG11 

Fissure in Sandstone

17 қазан 2025 жылы Жаңаөзен политехникалық колледжінде “Мен кәсіпкермін” гранд турнир ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты: колледждің жас буынының кәсіпкерлік бастамасын қолдау және дамыту; кәсіпкерлікті дәріптеу

Колледж студенттері өндіріс, туризм, білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар, дизайн (түрлері), креативті индустриялар бағыттары бойынша өз стартап жобаларын ұсынды. Студенттердің белсенділігі мен жобаны дайындаудағы ерекше дайындықты атап өтуге болады. Үздік деп танылған жобалар турнирдің облыстық кезеңіне жолданады. Жеңімпаздар: “JETFOOD” Ильясов Ғалымжан 2БҚ-24Б тобы, ReFashion Алиева Аделя 3Тігін-23Б тобы, Mangystau Adventure Шигебаева Үміт 1әлеумет-25Б тобы. Облыстық кезеңге жолдама алған студенттерге сәттілік! 

https://www.instagram.com/reel/DQCPusuj3mK/?igsh=czM3a2s3aGs5Y3B2 

Fissure in Sandstone

15.10 күні колледж оқытушыларына “Пән/модуль бойынша білім алушылардың білімін жетілдіруге бағытталған оқу-әдістемелік кешен(ұсынымдар) жасау", "Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар" семинар өткізілді. Семинар мақсаты оқытушылардың әдістемелік материалдар/авторлық бағдарламалар жасау жолдары және қандай НҚА бар екенін Жаннур Бейбитовна түсіндірді. Сараптамалық кеңес ережелері негізінде, оқу жылына әр оқытушыдан әдістемелік материал жасақтау бойынша тапсырмалар берілді. 

https://www.instagram.com/p/DP3mm6djWD0/?igsh=MWs0MW5hOWxocWpqYg== 

Fissure in Sandstone

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл сайыс жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани ой-өрісін кеңейтті.

Байқау барысында студенттер өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, әсерлі сөз шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде:

Қыдырбаев Әмірхан – І орын

Ерғалиев Нұржан – ІІ орын

Ілиясов Ғалымжан - ІІ орын

Даул Арай – ІІІ орын

Юсупбай Оралхан - ІІІ орын

Ал Мұхамбетқали Батыр, Турниязов Дулат белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, рухани бай тұлға қалыптастыру болды. 

https://www.instagram.com/p/DPylHCtDIfX/?igsh=MXkxeTQ3bjRsb3NtMg== 

Fissure in Sandstone

“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын -алу” мақсатында колледждің қыз балаларымен кездесу,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге: колледж басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, медбике,қалалық емхана гинеколог дәрігерлері қатысып, казіргі таңда қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себеп -салдары талқыланып, ақыл-кеңестер айтылып, ой бөлісті. 

https://www.instagram.com/reel/DPrLQ3cCHE0/?igsh=MWZ1bzJuODI0bWpnbA== 

Fissure in Sandstone

Маңғыстауда «TurkicSkills-2025» I халықаралық шеберлік чемпионаты аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Дрон технологиялары: Болашақтағы кәсіптер мен мамандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты семинардың теориялық кезеңі өтті.

Семинардың мақсаты – дрон технологияларын білім беру процесіне енгізу арқылы студенттердің заманауи инженерлік және цифрлық құзыреттерін арттыру, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптерді игеруге жол ашу. Семинар Маңғыстау облысы білім басқармасы мен халықаралық білім беру және инновация орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Екі күнге созылған семинарға Маңғыстау облысынан бөлек Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 50-ге жуық колледж басшыларының орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Аталған шараға Жаңаөзен политехникалық колледжі арнайы пән оқытушылары Мұратов Арман Асқарұлы мен Алданов Бауыржан Жеңісұлы да қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде қатысушылар дрон құрылымы, басқару пульті, ұшу мен қону процесі, ұшу қауіпсіздігімен танысты. Ал практикалық кезеңде дронның аэродинамика негіздері, кеңістікте бағдарлануы, түзу бағытта және матрица бойынша ұшу жаттығулары өтті. Қатысушылар дрондармен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгере отырып Сучжоу политехникалық университетінің профессоры Хуан Хаомен халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. 

https://www.instagram.com/p/DPjKb13DGXR/?igsh=bHRpNjFkNml4aXZ5 

Fissure in Sandstone

Бүгін 1 қазан-қарттар күнімен құттықтап, "Қарты бар үйдің қазынасы бар"дегендей 89 жастағы Отарбаева Ақзер әженің үйіне барып,мерекесімен құттықтап,мерекелік көңіл-күй сыйладық.Колледж басшысы Болатбаева Тілектес Аманқосқызы 1 курс студенттері және ұстаздармен бірге әжемен әңгімелесіп,ақ батасын алдық. 

https://www.instagram.com/reel/DPRlzM4gS03/?igsh=MWJyZDV5YWh1cHlyYQ== 

Fissure in Sandstone

Осындай тақырыпта Жаңаөзен политехникалық колледжінде ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жастармен кездесті. Ақпараттық түсіндіру тобының құрамында қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Калиева, Рахат ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Аманов, теолог Б.Жұмағазиев, құмық этносының өкілі, ардагер-бұрғышы М.Юнусов, сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Болысова болды.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты- Политехникалық колледжіндегі тіл апталығы аясында этностар арасындағы бірлік пен келісімді, мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту, Президент Жолдауында айтылған халық татулығы мен еліміздегі ішкі тұрақты ахуалды сақтай отырып, қиындықтарды бірлікте еңсеруге үлес қосу.

Кездесу барысында АТТ мүшелері жиналған студенттерге ұлттар достығының, татулық пен бірліктің, ынтымақ пен жасампаздықтың маңыздылығын атап өтіп, бірлік мәңгі жасай берсін деген тілектермен қорытыланды. 

https://www.instagram.com/reel/DPCTRS2jHpJ/?igsh=MXkyY3hyczI4eDh2ZQ== 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны