DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Бизнеске
арналған IT-шешімдер құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің
2Ақпарат-22Б студенті Кенжебай Адай Анварұлы үздік деп танылып, жоғары нәтижеге
қол жеткізді! Оның аналитикалық ойлау қабілеті мен инновациялық шешімдері сайыста
айрықша бағаланды.
Жетекшісі Алданов Бауыржан Жеңісұлының қолдауы
мен бағыт-бағдар беруі Адайдың бұл жеңіске жетуінде үлкен рөл атқарды.
Кенжебай Адай Анварұлының бұл жеңісі – біздің
колледждің үлкен жетістігі, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын басқыш! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICIuqVBzC4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:02
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында
Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен
политехникалық колледжінің 1БҚ-24Б студенті Орысбай Ердаулет Еңсегенұлы қола
медальді иеленді! Оның шеберлігі мен таланты сайыстың ең жоғары талаптарына толықтай
жауап берді.
Жетекшісі Бекмембетова Хадиша Өтегенқызының
білімі мен бағыт-бағдары Ердаулеттің бұл жетістікке жетуіне көмектесті.
Орысбай Ердәулет – біздің колледжіміздің мақтанышы,
оның қажырлы еңбегі мен шығармашылығының жемісі! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICIN2BhT1H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:02
Толығырақ
DigitalSkills Kazakhstan 2025 сайысында Веб
технология құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті
Сатыбалды Бекмұрат Сәрсенбайұлы қола медальді иеленді! Оның
шығармашылық қабілеті мен техникалық дағдылары сайысқа жоғары бағаланды.
Жетекшісі Таджибаева Гүлдана Құралқызының
қолдауы мен бағыт-бағдар беруі Бекмұраттың бұл жетістікке жетуіне көмектесті.
Сатыбалды Бекмұраттың қола медалі – біздің
колледждің мақтанышы, ұмтылыс пен еңбекқорлықтың нәтижесі! Жеңіс
құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICJJtRhKK1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:01
Толығырақ
WorldSkills Kazakhstan 2025 сайысында “Өндірістік автоматика” құзыреттілігі бойынша Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Әбдіхан Мұхаммедәли үздік маман атанды!
Оның терең білімі мен шеберлігі сайыс барысында айрықша бағаланды.
Жетекшісі Балхаева Гаухар Науанқызының жетекшілігі мен қолдауы Мұхаммедәлидің бұл жетістікке жетуіне маңызды рөл атқарды.
Әбдіхан Мұхаммедәлидің бұл жетістігі – біздің колледждің үлкен мақтанышы, өрлеу мен даму жолындағы тағы бір қадам! Жеңіс құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/DICJqZfhA2j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18:00
Толығырақ
DigitalSkills Mangystau және WorldSkills Mangystau 2025 чемпионаттарында 12 құзыреттілік бойынша додаға түсіп, соның 9-ында жүлдегер атану — бұл нағыз еңбек пен шеберліктің нәтижесі!
Біздің студенттер өз білімін, кәсіби біліктілігін, табандылығын дәлелдеп, жоғары нәтиже көрсетті:
Бұл жеңіс — бүкіл Жаңаөзен политехникалық колледжінің жеңісі!
Біз біргеміз. Біз мықтымыз. Колледждің намысын қорғап, жетістікке жеткендер:
Алтын медаль - Бейне өндірісі құзыреттілігі бойынша Тұрдықожа Бақтияр, 3ТОРА-22Б студенті
Алтын медаль - Сандық модельдеу құзыреттілігі бойынша Қуанбай Мәриям, 3Тігін-22Б студенті
Алтын медаль - Сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Тойлы Аружан, 3Тігін-22Б студенті
Алтын медаль - Электромонтаждық жұмыстар құзыреттілігі бойынша Серсенбай Бақтияр
Күміс медаль - Мобильді қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Нұрқасын Бекарыс, 3Ақпарат-22Б студенті
Қола медаль - Бизнеске арналған IT шешімдер құзыреттілігі бойынша Кенжебай Адай, 2Ақпарат-23Б студенті
Қола медаль - Компьютерге арналған 3D модельдеу құзыреттілігі бойынша 1БҚ-24Б студенті
Қола медаль - Веб технология құзыреттілігі бойынша Сатыбалды Бекмұрат
Үздік маман - Өндірістік автоматика құзыреттілігі бойынша, 2АТП-23Б студенті Әбдіхан Мұхаммедәли
https://www.instagram.com/p/DIGgcEpS5Pc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17:57
Толығырақ
https://www.instagram.com/reel/DFgCH7tsRm8/?igsh=bTBjaXMxc3BodW1k
17:21
Толығырақ
Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады.
2005–2009 жылы Жаңаөзен политехникалық колледжінің алғашқы түлегі Жалғасов Талғат Ходжахметович Мұнайгаз кенорындарын пайдалану «Технолог» мамандығы бойынша білім алған. Жалғасов Талғат 2009 жылы өзінің мамандығын үздік бітіріп, 2010 жылдан бастап №1 Мұнайгаз өндіру басқармасында жерасты жөндеу цехында “Технолог” мамандығы бойынша өзінің еңбек жолын атқарып келеді.
Колледжіміздің түлегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағандығын қолдайтынын және өзінің кәсібімен мақтан ететіндігін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DEpH0WOspg9/?igsh=dHdoZWFxMXg4ZnFt
17:19
Толығырақ
08.01.2025 жыл Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың арасында өткізілген “Қазақстан республикасының құрметті қайраткері” атты республикалық байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен жеңімпаз атанған аяулы ұстаздарымыз Болатбаева Гүлзада Аманқосқызы, Балхаева Гаухар Науанқызы, Өтеш Нұрзада Мухитдинқызына арнайы дипломдарымен,төс белгілері және осы байқауға қолдау білдірген Жаңаөзен политехникалық колледж директоры Болатбаева Тілектес Аманқосқызына алғыс хат табысталды.
https://www.instagram.com/p/DEj9jC_s260/?igsh=MXhxazkzejdlNTJmbg==
17:18
Толығырақ
Бүгін 06.01.25ж арнайы пән оқытушысы Балқұйған Жұмабекқызының «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында оқитын 4-курс студенттеріне 144 сағаттық тәжірибе қорытындысы болды. Қазақша этно стильдегі костюмдер тіккен студенттеріміздің шығармашылық жұмыстарын қорытындылап, бұл кезеңде әрбір студент өзінің шеберлігі мен өнерін шыңдай отырып, ұлттық нақыштағы костюмдер тіккен болатын.
Шығармашылықтың шыңы
Этно стильдегі костюмдер — бұл тек киім емес, ол біздің тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді бейнелейтін ерекше туындылар. Студенттеріміз әрбір детальға ерекше мән беріп, қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін, қолөнер элементтерін заманауи стильде үйлестіре отырып, ұлттық киімдердің жаңа бейнесін жасады.
Тігін шеберлігі мен шығармашылықтың үйлесімі
Тәжірибе барысында әрбір студент өз идеяларын, эмоцияларын, көзқарастарын киім арқылы жеткізе білді. Костюмдерде қолданылған табиғи материалдар, ою-өрнектер мен кестелер қазақ халқының бай мәдениетін және өнерін паш етті. Әрбір тігіс, әрбір әшекей — бұл студенттердің еңбекқорлығын, талғамын және кәсіби шеберлігін көрсететін бірегей белгі.
https://www.instagram.com/reel/DEe7oWIM3sO/?igsh=bGt4N3BvdGNqYzc3
17:19
Толығырақ
"Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" іс шаралар аясында Зорлық зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж инспекторы Рахманбердиев Саламат Қүралбекұлы және де колледж психологы Несипбаева Жанар Абайқызымен студенттер арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың түрлерін және де оның зардабын нақтылап жеткізді.
Құқық бұзушылық қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі.
https://www.instagram.com/reel/DDJ2OB5sbjj/?igsh=MW1tdW12Z2lmaGU2ZA==
17:06
Толығырақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны