10.09.2025 күні колледжімізде 1 курстар арасында ата-аналармен жоспарлы жиналыс өтті. Жиын барысында оқу процесінің барысы, студенттердің үлгерімі мен тәртібі, сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар кеңінен талқыланды.
Ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, бірлескен шешімдер қабылданды. Жиналыстың мақсаты – ата-ана, студент және колледж арасындағы байланысты нығайтып, сапалы білім мен тәрбие беру жолында ортақ жұмыстарды айқындау болды.
Кездесу нәтижелі өтіп, алдағы атқарылатын жұмыстардың бағыттары нақты белгіленді.
https://www.instagram.com/p/DOfwRj6jAXD/?igsh=Y3VxdDlkMzVieWxz
17:17
Толығырақ
https://www.instagram.com/reel/DOV_53ziMWZ/?igsh=MTMwYWd3aWx0a3I0
17:16
Толығырақ
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні аясында Жаңаөзен политехникалық колледжінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жастардың сауаттылық деңгейін көтеру және тілге деген құрметті қалыптастыру.
Биылғы диктант ерекше маңызға ие болды, өйткені ол қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Ұлттың рухани қазынасына айналған Абай мұрасы – тіл мен мәдениеттің мәңгілік құндылығын айқындай түседі.
Осындай бастамалар ел бірлігі мен рухани тұтастықтың жарқын көрінісі болып отыр.
https://www.instagram.com/p/DOQatgWDDUQ/?igsh=MThtbmc1N29uMWc1cQ==
17:15
Толығырақ
Осы мерекеге орай Республика бойынша жалпықазақстандық ашық диктант өткізіледі. Биылғы шараның ерекшелігі – қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналуы.
Тіл – татулық пен бірліктің тірегі.
https://www.instagram.com/p/DOLvIoKjITm/?igsh=ZDh6dXMydmM2ZzV4
Рақмет!
Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Бекмембетова К.У.
17:09
Толығырақ
Калуга қаласында өткен кәсіби шеберлік чемпионатында топ жарып, жүлделі орын иеленген оқытушымыз бен жеңімпаз студентімізді колледжімізде ерекше қошеметпен қарсы алдық. Дәліз бойына сап түзеген ұстаздар мен студенттер ыстық ықыласын білдіріп, жеңімпаздарға құрмет көрсетті.
Бұл сәт – тек бір студенттің жетістігі емес, тұтас ұжымның еңбегі мен бірлігінің нәтижесі. Осындай қуанышты күндер колледж тарихында жарқын із қалдырады.
https://www.instagram.com/reel/DOLNlHcjz9g/?igsh=ZzJ6OGdqMDM0ZGt3
17:12
Толығырақ
02.09.2025 ж өткізілген «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыпты кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты: адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; шындық пен адалдық өтірік пен адалдықтың мағынасына қарама - қарсы сөздер екенін түсіндіру, балалардың даралығы мен субъективтілігін, шығармашылық және коммуникативті қабілеттерін дамыту, өмірлік тәжірибені байыту. Өткізген: Алиев Руслан, Несипбаева Жанар Алдабергенова Г.К., Балхаева Г.Н., Өтеш Н.
https://www.instagram.com/reel/DOFrilQCAZj/?igsh=MWw0dTR6bW14Mm5sdA==
17:10
Толығырақ
Жаңаөзен политехникалық
колледжінің оқу-жұмыс жөніндегі орынбасары Байкүренова Гүлжанат Хасанқызы
Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледж ұжымын
құттықтап, мемлекеттік рәміздердің — Туымыздың Елтаңбамыздың және
Әнұранымыздың —
елдік рухымызды көтеріп, бірлігімізді нығайтудағы маңызды рөлін ерекше атап
өтті. Ол ұжымға патриоттық сезім, бірлік пен ынтымақ тілеп, рәміздерімізді
әрдайым қастерлеуге шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DKeHCp_ooeM/?igsh=MWlhNWloZ3dhMDhnaQ==
14:49
Толығырақ
4 маусым – ҚР
Мемлекеттік рәміздер күні
Бүгінгі көрме — Елтаңба, Ту, Әнұран сынды
қастерлі рәміздеріміздің тарихы мен мән-мағынасын дәріптеуге арналды.
Көрме барысында келушілер ұлттық рәміздердің
шығу тарихымен танысып, фотозоналар, қолөнер бұйымдары мен архивтік
материалдарды тамашалады.
Мемлекеттік рәміздер — ел тәуелсіздігінің белгісі, ұлт мақтанышы!
https://www.instagram.com/reel/DKgY4gWo-cS/?igsh=MTdjOGhieDZmM2h2Zg==
14:48
Толығырақ
31 мамыр – Тағзым күні
Бүгін біз Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық
құрбандарын еске алу мақсатында арнайы іс-шара өткіздік.
Іс-шара аясында тағзым минуттары, деректі
фильмдер көрсетілімі, баяндамалар мен көрмелер ұйымдастырылып, жазықсыз жапа
шеккен бабаларымызға құрмет көрсетілді.
Біздің мақсат — өткенді ұмытпай, болашаққа дұрыс
бағытпен қадам басу.
Рухтарыңыз тыныш болсын. Ұмытпаймыз. Естен шығармаймыз.
https://www.instagram.com/reel/DKgYwT8tSDU/?igsh=NjhsZjFjdjh3OGtn
14:47
Толығырақ
Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Жылдың үздік маманы» байқауы өткізілді!
Байқаудың басты мақсаты – колледждегі жас мамандардың кәсіби шеберлігін
арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және үздік мамандарды анықтау болды.
Байқауға колледждің түрлі бөлімдерінен жас мамандар қатысып, өз білімдері мен
тәжірибелерін ортаға салды.
Әділ
қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби даярлығы мен шеберлігін бағалап, байқаудың
қорытындысын шығарды.
✨ Бұл
байқау жас мамандардың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, олардың алдағы уақытта
үлкен жетістіктерге жетуіне септігін тигізеді деп сенеміз!
https://www.instagram.com/reel/DKZs7mqtmvt/?igsh=eTk3YjJldmV4bDBs
14:46
Толығырақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны