Мықты рух – сенімді қорған!
Бүгін 15.09.2025 күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде жасөспірім студенттермен түсіндіру жиналысы өтті.
Жиналыста полиция аға лейтенанты, аға инспектор Ершуақова Айнұр Бауыржанқызы және полиция майоры Бисекенова Ләззат Дүйсенбайқызы жастарға маңызды ақпараттар берді.
Кездесу барысында студенттерге:
22:00-ден кейін көшеде жүрмеу керектігі,
ерте жүктіліктің салдары мен оның болашаққа әсері,
жастардың құқықтары мен міндеттері,
тәртіп бұзудың жауапкершілігі
туралы кеңінен түсіндірілді.
Мақсат – жасөспірімдердің санасын оятып, болашағына бей-жай қарамауға, қауіпсіздік пен тәртіпті бірінші орынға қоюға шақыру.
Осындай кездесулер жастарға ой салып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, дұрыс таңдау жасауға жол ашады.
https://www.instagram.com/reel/DOnSbpSCO3R/?igsh=ajhmOHl2cm1hMm5t
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер