Жаңаөзен – жастардың таңдауы таза қала!

Жаңаөзен политехникалық колледжі мен Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы бірігіп, көше бойындағы нашақорлықты насихаттайтын жасырын граффити жарнамаларға қарсы күрес жүргізді.

Бұл игі іске колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алдабергенова Г.О., арнайы пән оқытушысы Мұратов А.А. және учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Рахманбердиев С.Қ. ІІІ крус студенттермен бірге атсалысты.

Студенттер қолына щетка мен бояу алып, қала көшелерін зиянды жарнамадан тазартты. Бұл – тек қабырға бояу емес, бұл – есірткіге қарсы жастардың үндеуі, адамзатқа жолдаған месседжі!

Бұл шара – жай акция емес, қоғамдық жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі. 

https://www.instagram.com/reel/DOygpEsiA-z/?igsh=MTRwbnMycnV0bXc0Mw== 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны