TurkicSkills 2025 – Ақтауда алғаш рет!

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білімді дамытуға баса назар аударды. Осы бастаманың аясында Түркі әлемінің мәдени астанасы – Ақтау қаласы тарихында тұңғыш рет TurkicSkills I халықаралық чемпионатына куә болмақ.

TurkicSkills – түркітілдес елдердің талантты жастарын тоғыстыратын жаңа алаң. Бұл чемпионаттың мақсаты –

• жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау,

• халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу,

• еңбек нарығына дайын жаңа буын қалыптастыру.

Жоба WorldSkills International, WorldSkills Europe, WorldSkills Asia сияқты әлемге әйгілі қозғалыстардың баламасы ретінде жасалды.

Чемпионатқа Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан:

• 70-тен астам қатысушы,

• 90-ға жуық кәсіби сарапшы,

• 5000-нан аса қонақ жиналады деп күтілуде.

Байқау 10 құзыреттілік бойынша өтеді:

• сән технологиялары 

• аспаздық іс

• дәнекерлеу 

• сантехника және жылыту 

• электромонтаждық жұмыстар 

• автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету 

• веб-технология 

• графикалық дизайн 

• бизнеске арналған IT шешімдер 

• ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару

TurkicSkills 2025 – кәсіби мамандардың жаңа дәуірін бастаушы мерейлі шара болмақ! 

https://www.instagram.com/reel/DO8v5JpAFlA/?igsh=Y2FzbHM0eG5xejRo  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны