Облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум
Жаңаөзен политехникалық
колледжінде
*2025
жылғы 19 мамыр*
*Облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум*
*Тақырып:* *«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас»*
*«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында*
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен
Жаңаөзен политехникалық колледжінің бірлесуімен өткен семинар-практикум жоғары
деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мазмұнды бағдарлама ұсынылды.
*Мақсаты:*
Ұлттық салт-дәстүрлерді заманауи білім беру
кеңістігіне енгізу, тәрбие үдерісінде тиімді қолдану, жас ұрпақтың бойына
ұлттық құндылықтарды сіңіру.
*Ерекшелігі:*
Облыстағы колледждердің арнайы пән оқытушылары
мен өндірістік оқыту шеберлері жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен
тәжірибе алмасып, білім берудегі сабақтастықты арттырды.
*Шеберлік сабақтар және тәжірибе алмасу:*
Қазақтың салт-дәстүрін әлемдік деңгейде
дәріптеуге бағытталған заманауи әдістермен тәжірибе бөлісу мақсатында
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік, Қарақия кәсіптік, «Асмет Ұлас» жоғары
педагогикалық, Ақтау технологиялық колледждерінің педагогтері, сондай-ақ
Жаңаөзен қаласы №21 ЖОББ мектебі, Құрық ауылы «Жалпы білім беретін
мектеп-гимназиясы», №19 мектеп-гимназиясының ұстаздары өз шеберліктерін
көрсетті.
*Ұлттық киімдер көрсетілімі:*
Колледж педагогтері дайындаған ұлттық киімдер
топтамасы көрермен назарына ұсынылып, үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шараға Жаңаөзен политехникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері – қаланың
белді тігін шеберханалары, Рахат ауданының әкімі және Жаңаөзен қалалық білім
бөлімінің басшысы қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DJ4730OMgev/?igsh=dGxyYmUybG5iM3Yx

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер









