“Әке-асқар тау,биік шың”
“Әке-асқар тау,биік шың” тақырыбында әкелермен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Дөңгелек үстелде бала тәрбиесінде әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік берілді. Колледждің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Калимова Ж.Б. студенттерді тәртіпке баулуда, колледждің ішкі тәртіп ережесін орындауда, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауда әке тәрбиесінің үлесі зор екенін айтты. Жасөспірімдер арасында орын алып отырған құқық бұзушылық және оны болдырмау жолдары туралы ішкі істер басқармасынан участкілік инспектор қатысып, өз ойын ортаға салды. Күнбе-күнгі әрбір ұлағаты зор әрекеттеріміз арқылы, үлгі тұтар өнегесі мол келбетіміз арқылы иманды, ибалы ұл мен қыз асырау әрбір ата-ананың міндеті екенін, имани тәрбиенің маңыздылығы туралы “Рахат” ауылының мешітінің имамы Рысбек имам баяндап берді. Дөңгелек үстелді колледж психологы Света Андреевна тренингпен аяқтады.
Жауаптылар: Топ жетекші Болысова Т.Б.
Колледж психологы Утепова С.А.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны