«Кәсіби бағдарламашы» байқауы

2024 жылдың мамыр айының 2 жұлдызында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Кәсіби бағдарламашы» байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың мақсаты: ІТ мамандығының білім алушыларының кәсіби дағдыларын жетілдіру, үздік жобаларды қолдау, талантты жастарды анықтау, цифррлық технологияларын және оқыту процесіндегі барлық қатысушылардың құзыреттілігін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқу процессін тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау. Аталған байқауға облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Студенттердің жұмысын бағалауға облыстың беделді IT мамандары бағалау жүргізді. Жалпы байқау өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттер білім басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталып, колледж басшысының атынан сыйлықтар табысталды.   

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны