«Жұмысшы кәсібі – ел дамуының тірегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
24 сәуір 2025 жылы онлайн форматта Маңғыстау облысы білім басқармасының «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, Жаңаөзен политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Жұмысшы кәсібі – ел дамуының тірегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізіліп, мақсаты – студенттерге жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау, олардың ел экономикасы мен дамуына қосатын үлесін ғылыми тұрғыдан зерделеу және еңбекке деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференция барысында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Утебаев Талғат Төремұратұлы құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияға Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтарынан қатысушылар тартылып, жалпы 134 адам қамтылды. Қорытындысында үздік жұмыстар жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DI1cvk1ScWv/?igsh=MXJ3Mzc5cDhra3NsZw==

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер









