«TurkicSkills-2025» халықаралық чемпионаты аясында дрон технологиялары бойынша семинар өтті
Маңғыстауда «TurkicSkills-2025» I халықаралық шеберлік чемпионаты аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Дрон технологиялары: Болашақтағы кәсіптер мен мамандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты семинардың теориялық кезеңі өтті.
Семинардың мақсаты – дрон технологияларын білім беру процесіне енгізу арқылы студенттердің заманауи инженерлік және цифрлық құзыреттерін арттыру, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптерді игеруге жол ашу. Семинар Маңғыстау облысы білім басқармасы мен халықаралық білім беру және инновация орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Екі күнге созылған семинарға Маңғыстау облысынан бөлек Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 50-ге жуық колледж басшыларының орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Аталған шараға Жаңаөзен политехникалық колледжі арнайы пән оқытушылары Мұратов Арман Асқарұлы мен Алданов Бауыржан Жеңісұлы да қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде қатысушылар дрон құрылымы, басқару пульті, ұшу мен қону процесі, ұшу қауіпсіздігімен танысты. Ал практикалық кезеңде дронның аэродинамика негіздері, кеңістікте бағдарлануы, түзу бағытта және матрица бойынша ұшу жаттығулары өтті. Қатысушылар дрондармен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгере отырып Сучжоу политехникалық университетінің профессоры Хуан Хаомен халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты.
https://www.instagram.com/p/DPjKb13DGXR/?igsh=bHRpNjFkNml4aXZ5
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Сілтемелер